Сингапурде ерекше архитектуралық үлгідегі мешіт ашылды. Бұл мешіт тіптен талғампаз деген сәулетшілердің өзін таңдай қақтырып отыр. Formwerkz архитектуралық бюросы жобасымен салынған мешіт ғимараты заманауи үлгі мен ислам өрнектерін тамаша үйлестірген.
«Әл-Ислях» атауын алған мешіт Сингапурдің солтүстік-шығыс өңіріндегі Пунггол ауданында орын тепкен.
Мешіт ғимараты 3 бөлікке бөлінген – құлшылық залы, ислам білім беру орталығы және әкімшілік ғимарат. Осы 3 блок бір-бірімен көпшіліктің көзіне бірден түсетін жоғары живопистік террассалармен жалғасқан.
«Жаңа мешіт – жариялылықтың үлгісі және Сингапурдегі заманауи исламның бейнесін береді» дейді архитектор Алан Тай.