Солтүстік Америка Ислам қоғамдастығы мешітке келуші әйелдерге жайлылық әкелетін арнайы бағдарламаны іске қосылғанын хабарлады.
Мұсылман ғибадатханаларын әйелдер қауымына барынша қолайлы ету туралы құжатқа 14 ислам ғалымдары қол қойды. Қолдаушылар тізімі бұдан әрі де толығатын болады.
Кампанияның ресми жұмысы жыл сайынғы Солтүстік Америка ислам қоғамдастығының 4-7 қыркүйек аралығында өтетін съезінде іске қосылады. Чикаго қаласында ұйымдастырылатын 52 съезге 80-ге жуық мұсылман спикерлер шақырылып отыр.
АҚШ-та 2011 жылы «Әйелдер және амеркалық мешіт» атауымен жүргізілген зерттеу нәтижесі құрама штаттағы мешіттердің 63%-ы әйелдерге қолайлылық тудырмайтынын көрсеткен.