Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.) жайлы фильм түсірілді

Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.) жайлы фильм түсірілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Иранда «Мұхаммед – Алланың елшісі» атты фильм көрсетілімге шықты. Туынды ел тарихындағы ең қымбат фильм қатарына енді. Түсірілмге 40 млн доллар қаражат жұмсалған.

Аталмыш фильм елдің 143 кинотеатрынан көрсетіледі. Айта кетсек, фильм түсірілімі барысында сүнниттер тарапынан режиссерлерге «туындыда пайғамбар (с.а.с.)  бейнесі көрсетілді» деген сын-пікірлер айтылған еді. Осы себептермен фильм тұсаукесері кейінге қалдырылды. Ал кейбір діни бірлестіктер бұл фильмді көрсетілімнен алып тастауды әлі күнге талап етуде.

Сонымен, түсірілімге 7 жылға жуық уақыт кеткен. Кино авторлары онда пайғамбар (с.а.с.)  бейнесі көрсетілмейтінін мәлім етті. Режиссер Маджид Маджиди осы туынды арқылы ислам жайлы әлемнің көзқарасына оң ықпал етсем деген мақсат қойыпты. Ол сондай-ақ Мұхаммед пайғамбар туралы тағы екі фильм түсіруге ниетті екенін де жеткізді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (2)

Оқи отырыңыз: