Туристерге жолсерік болған Lonely Planet атты әлемдік деңгейдегі ірі басылым жер жүзінің ең көркем нысандарының рейтінгісін жариялады.
Lonely Planet журналының «Ultimate Travelist» жыл сайынғы рейтінгісіне Стамбул қаласындағы Айя-София мешіті де енді. Ол әлемнің 500 үздік туындыларының 10-шы орнына табан тіреді. Бұл жайында AMOR News хабарлады.
Lonely Planet сараптамасына сәйкес, әлемнің 10 көркем нысандары тізімі төмендегідей:
1. Ангкор шіркеу кешені (Камбоджа)
2. Үлкен Барьер рифі (Австралия)
3. Мачу-Пикчу ежелгі шаһары (Перу)
4. Ұлы Қытай қорғаны
5. Тәж-Махал (Үндістан)
6. Гранд-Каньон (АҚШ)
7. Колизей (Италия)
8. Игуасу сарқырамасы (Бразилия)
9. Альгамбра (Испания)
10. Айя-София (Түркия)