Әлеуметтік желілерде соңғы жылдары түрлі бағытты насихаттаушы бірлестіктер белең алуда. Осының жетегінде кетіп, адасқан ағымдардың уағыз-насихаттарын тыңдап жүрген қазақ жастары да аз емес. Дегенмен, мұндай теріс ағымдарға қарсы Ханафилік бағытта уағыз-насихат жүргізетін сенімді парақшалар да жетерлік.
Осы орайда Ханафилік бағыттағы бірлестіктер жастардың басын қосып, белсенділік танытуда. Олар еліміздің тыныштығы мен дінаралық татулықтың баянды болуын мақсат етіп келеді.
Бабаларымыз ұстанған Ханафи мәзһабы мен Матуриди мектебін уағыздаушы «ХАБ - АЛАШТАРЫ» бірлестігі танымал дінтанушы ғалымдардың жетекшілігімен жұмыс істейді. Исламтанушы Серік Тәжібаевтың бастамасымен қолға алынған бұл жоба жастарды дәстүрлі емес бірлестіктерден сақтандыруды көздейді. Айта кеткен жөн, мұндай бірлестіктердің саны күн сайын артып келеді, қазірдің өзінде 80-нен асып жығылады. Әр бірлесіктің оқырмандары 10 мың мен 250 мыңның арасын құрайды. Арнайы сарапшылардың сараптауымен бүгінде Вконтакте әлеуметтік желісінде ең сенімді бірлестіктер тізімі анықталды.