Тың дерекке толы жаңа кітап жарық көрді

Тың дерекке толы жаңа кітап жарық көрді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дінтану саласында тағы тың деректерге толы жаңа кітап жарық көрді.

«Исламдағы биоэтика мәселелері» атты ғылыми еңбек  «Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Дінтанулық зерттеулер» сериясы бойынша шыққан. Кітапта Қазақстан аумағында арнайы зерттеу нысаны ретінде қарастырылмаған исламдағы биоэтика мәселелері, оның тарихи бастаулары мен эволюциясы, оның әлеуметтік, саяси, діни-философиялық қызметтері жөнінде сөз қозғалып, тарихи рөлі айшықталады.   

Аталмыш кітап ЕҰУ-і Дінтану кафедрасының профессоры, философия ғылымының докторы Айна Қабылованың редакторлығымен жарияланды. Ал еңбектің авторы ЕҰУ Дінтану кафедрасының түлегі, дінтану магистрі Бек Жансая. Бұл ғылыми жұмыс Қазақстандағы дінтанулық зерттеулерде тың тақырып болып табылады. Кітапта көрсетілген ғылыми зерттеулердің жан-жақтылығы биомедициналық мәселелер мен діннің әр уақытта және әрбір қоғамда маңызды болғандығын айқындайды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: