Сауд Арабиясы үкіметі қажылық қарсаңында Мекке мен Мәдина қалаларын және басқа да қасиетті орындарды таза ұстау үшін 24 мыңнан астам қызметкерді жұмылдырды.
Инженер Абду Латиф: «Қажылық маусымына дайындық ретінде елде тазалық сақтау жұмысына көп көңіл бөлінуде. Алдағы уақытта қажыларға жоғары деңгейде қызмет көрсету үшін барлық мекендерді таза ұстауға дайынбыз. Бұның барлығы елге келген қажылар Аллаһтың нұры түскен жеріне келіп шынайы демалып кету үшін жасалынып жатқан жағдайлар» деді.
Айта кетсек, осы тазалық жұмыстарына биыл мемлекет қазынасынан 2 548 929 786 риал жұмсалған екен.