«Әл-Әзһар» 500 дін маманын тағайындайды

«Әл-Әзһар» 500 дін маманын тағайындайды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мысыр мақтанышы «әл-Әзһар» ислам университеті жуық уақытта жаңа 500 дін қызметкерлерін тағайындайды. Бұл жайында университет имамының орынбасары Ахмед Шуман мәлім етті.

Бұл ең алдымен осы салада әйел адамдардың да қызмет істеуіне жол ашады, деп жазады Аl-Arabiya басылымы.

«Әл-Әзһар» университеті мен Уақф министрлігінің бұл бастамасы Египет президенті Абдель Хаттахты ас-Сисиға діни дискурсты қайта қалыпқа келтіру бойынша ұсыныс болып отыр.

Ахмед Шуман сондай-ақ жақын арада Исламның шынайы бейнесі мен эктремизмнен келер қауіп-қатерді айшықтаған әдебиеттер жарық көретінін де жеткізді. Бұған қоса ел азаматтарына діни фәтуаларды мейлінше толықтай түсіндіруге, жеткілікті ақпараттар беруге бағытталған арнайы байланыс орталығы да ашылмақ.

Аталмыш орталықта «әл-Әзһар» университетінің 300 дін маманы жұмыс істейді. Олар күні бойы адамдардың жолдаған сауалдары бойынша үзіліссіз жауап бере алады. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: