Тағы бір тарихи Құран қолжазбасы табылды

Тағы бір тарихи Құран қолжазбасы табылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Индонезияның Ачех провинциясында ислами тарихи-мәдени көрме өтіп, онда бірнеше ғасырлар бұрын жазылған қасиетті Құран қолжазбалары ұсынылды.

«Осы көрмеде Батыс Ачехте сақталған тарихи құнды жәдігерлерді ұсынамыз» дейді Мурсалин әкімшілігінің жетекшісі. Осындай ескі Құран нұсқаларының бірі шейх Маулана Малик Ибрахимнің қолымен 700 жыл бұрын жазылған кітап.

Батыс Ачех мемлекеттік мұражайында 300-500 жылдық тарихы бар 62 Құран қолжазба нұсқалары сақталған. Алайда бұл кітаптардың ішінде 700 жылдық тарихы бар қолжазбаның орны ерекше.

Еске сала кетсек, өткен айда Үндістанда 410 жыл бұрын Моғол билеушісі Акбардың тұсында жазылған Құран кітабы табылған еді.

Шілде айында Бирмингем университетінде (Ұлыбритания) радиокөміртек анализі қорытындысына сәйкес, 568-645 жж.пайда болған Құран қолжазбасы табылған болатын. Бұл құран кітабының ғұмыр жасы 1370 жылға толып отыр.

Сондай-ақ, байырғы заман Құран кітаптары Түркия, Египет, Өзбекстан мен Йемен мұражайларында да сақталған. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: