Үндістанда жүк тасушы қарт мұсылман қасиетті Меккедегі қажылық сапарына маңдай тер, табан ақысымен әрбір рупиді үнемдеп, қаражат жиды.
Уттар-Прадеш штатына қарасты Агра қаласының 62 жасар тұрғыны Джангир Хан Аббаси биыл өмірлік жары Зинат Бегуммен қасиетті қажылыққа аттанады.
Аббаси өмір бойғы тапқан табысын балаларына жұмсаған, олар өскенде тойларын атқарды. Балалары өсіп, жан-жаққа кеткесін ол ендігі табысын тек қажылық мақсатында жиып отырған. Қажылық құнының жоғары болуына әрі жүк тасушы жалақысының мардымсыздығына байланысты Джангир Хан Аббасиға бұл жолда ұзақ жылдар тер төгуге тура келді. Өзінің айтуынша, арманның үлкен-кішісі болмайды, бастысы өз арманыңның жолына жігеріңді жанып, төзімділік таныта білсең болғаны.