Сауд Арабиясы үкіметі биылғы қажылық маусымында 1 500 000 мұсылман болады деп жоспарлап отыр. Бұл туралы елдің Қажылық министрлігі хабарлады.
Жексенбі күні король Салманның кеңесшісі, Мекке әмірі Халид әл-Фейсалдың басшылығымен Қажылықты ұйымдастыру орталық комитетінің отырысы өтті.
Әл-Фейсал биылғы қажылыққа Мекке шаһарына әлем елдерінен 1 500 000 мұсылман келетінін мәлім етті. Ол сондай-ақ қазірдің өзінде 100 000 мұсылман Сауд Арабиясына келіп жеткенін де атап өтті.
Айта кету керек, өткен жылы 2 000 000-нан аса мұсылман қажылығын өтеген еді.