Сауд Арабиясы Денсаулық сақтау министрлігі алдағы елді зиярат ететін қажыларға үндеу тастады:
«Расында кез-келген жұқпалы аурулар мен вирустарға шалдыққан науқастардың саны осы қажылық уақытында артатыны рас. Бұған бірден- бір себеп кептеліс уақытында адамдардың қарым-қатынасы, түшкіру мен жақын сөйлесу де әсер етеді. Сондықтан, қажылық маусымында әр азамат көпшілік ортада медициналық маска киіп, түшкіру немесе түкіру кезінде ауызды бүркейтін жеке бет орамал, қажет болған жағдайда қолғап киіп алған жөн болар еді» дейді денсаулық сақтау министрлігі.
«Сонымен қатар егер кімде кім қандай да бір ауруға тап болса, дереу лимон шырынын ішіп немесе құрамында витамины бар жемістер жегені абзал. Қажет болған жағдйда тез арада жергілікті ауруханаға қаралсын», деп кеңес береді.