Құран жаттау комитеті Ресейдің бас мүфтиімен бірлесе отырып, Құран оқудан жарыс ұйымдастырды.
Аталмыш жарысқа қатысқан елуден астам адам Құран кәрімді толық жаттау, мәнерлеп оқу бойынша сынға түсті. Жарыста қасиетті кітаптың кереметтілігі мен оны жаттаудың қасиеттері туралы біршама баяндамалар оқылды. Алдағы уақытта мұндай игі шараны әлемдік дәрежеде өткізу көзделіп отырғанын ұйымдастырушы тарап айтып өтті.