Бахрейнде 28 қыркүйекте Ислам қаржысы саласындағы әлемдік деңгейдегі марапат беру (GIFA) салтанаты өтеді. Биылғы құрметті марапатты тапсыру рәсімін Қазақстан ұлттық банкі ұйымдастырмақ.
Сондай-ақ биылғы жылы ислам банкингі мен қаржысын дамытудағы жетістіктері үшін ұйымдар мен мемлекеттер, жекелеген мамандар да дәстүрлі марапатталады.
Марапаттау комитеті 30-дан аса номинация бойынша, сондай-ақ «ислам қаржысындағы ғаламдық көшбасшылық» бойынша 2 марапат белгіленгенін хабарлады.