Түркияның мемлкеттік ұйымдары мен үкіметтік емес құрылымдары төтенше жағдайлар мен эпидемия кезеңдерінде 4 континетті қамтып, 40-тан аса елге гуманитарлық көмек жасап, әлем бойынша гуманитарлық көмек беруде 3-ші орынға шықты.
Үкімет жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасы Түркия елінің жерсілкінісі, су тасқыны, құрғақшылық, аштық, өрт пен ішкі тәртіпсіздік орын алған 40 мемлекетке көмек көрсеткенін хабарлады.
Қызыл жарты ай ұйымының төрағасы Ахмет Лутфи Акар өзі жетекшілік ететін ұйым атқарған жұмыс жайымен бөлісті.
Оның айтуынша, 2003-2014 жыл аралығында қайғылы табиғи және техногендік апат салдарынан жапа шеккен 810 366 адамға көмек көрсетіліп, 92 млн 166 мың 86 лир қаражатқа шығындалған.
«Әлем дәрігерлері» Ассоциациясының төрағасы доктор Керем Кынык екі жыл ішінде ұйым дәрігерлері осы мақсаттағы жұмыс сапарында әлемнің 40 елінде 250 000 км жол жүріп өткенін мәлім етті. Сондай-ақ, 90 000 медициналық тексеру жүргізіліп, 5 000 ота жасалған.