Нигериялық 9 жасар қыз терроризм әкелер қауіп-қатер туралы кітап жазды. Көркем шығарманың жазылуына Сплендор Джо Абисойенің Нигерияның оңтүстігіндегі босқындар паналаған лагерге баруы себеп болған.
Бүгінде Нигерия елі «Боко Харам» террористік ұйымынан зардап шегіп келеді.
«Бұл кітапты жазуыма қоғамда орын алып отырған оқиғалар түрткі болды. Мені мазалайтыны, террористің өзі де бір жылдары біз секілді бала болғаны. Олар сол шақтарында сәйкесінші білім алып, ғылым үйреніп өскенде мынадай әлемге апат әкелуші қылмыскерге айналмас еді деп ойлаймын» дейді жасөспірім жазушы.