Әлемге белгілі бразилиялық жазушы Пауло Коэльо өзінің Құранға деген ыстық ілтипатын әлеуметтік желілерде бөлісіп, тіптен, осыған қарсы сын айтқан адамдарға жауап та жазды.
Коэльо Facebook парақшасына Құранның суретімен астына «Әлемді өзгерткен кітаптар» деген жазбасын жариялайды. Аталмыш жазбаға 36 000 адам ұнату белгісін қойып, 3 000-нан аса адам өз парақшаларында бөліскен.
Бразилиялық жазушының бұл жазбасына Хиба Б.Даккак есімді қолданушы: Бұл кітап – қылмыс пен зорлықтың көзі ғой?!» деген пікір қалдырған.
Пауло Коэльо бұл пікірді жауапсыз қалдырмай, исламофобшыл адамдармен пікірталас та жүргізеді.
«Бұл – жалған. Мен христианмын. Біз өз дінімізді ғасырлар бойы қылышпен, соғыспен, күшпен таңып келдік. Сөздіктен қараңыздар, «Крест жорықшылары» деген не мағына береді? Біз әйелдерді шайтанға теңеп, өлтірдік. Ғылымды тоқтатуға тырыстық. Галилео Галилейді еске алыңыздар. Сол себепті, дінді емес, оны қандай етіп көрсетіп жатқан шын қылмыслерді кінәлауымыз керек» деп жауап берді жазушы.