Сауд Арабия үкіметі «Твиттер» әлеуметтік желі әкімшілігінен жеке парақша арқылы терроризмге қатысы бар 93 азамат туралы мәлімет беруді сұрады.
Бұған дейін Ұлыбритания үкіметі «Твиттер» арқылы терроризмге қатысы 299 азамат туралы ақпарат сұратқан болатын. Нәтижесінде, тек 65 қана адам туралы мәлімет алынған.
Сарапшылардың айтуынша, қазіргі таңда бір ғана «Твиттердің» өзінде «ИШИМ»-ге қатысы бар 40 000 мың жеке парақша бар.
Бұған дейін «Таймс» газеті хабарлағандай, «Твиттер» терроризмге қарсы күреске мейлінше үлес қоса бермейтін. Сондай-ақ, өзінің жеке парақшалары арқылы азаматтар туралы мәліметті де бере бермейді.