Меккеге «қыдырып баруға» тыйым салынды

Меккеге «қыдырып баруға» тыйым салынды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Нигерия президентінің бұйрығымен діни рәсімдерді атқаруға мемлекет тарапынан қаржы бөлуді тоқтату туралы шешім шығарылды.

Елдегі мұсылмандар мен христиан қауымы да ел президенті Мұхаммад Бұхаридің бұл шешіміне қолдау білдірді. Олар қажылық пен одан өзге де діни рәсімдерге жұмсалар қаражатты дағдарысқа ұшыраған елдің экономикасын көтеруге бағыттаған дұрыс деген пікірге қосылды.

«Егер үкімет шынында дінге жанашырлық танытар болса, қазіргі уақытта ел экономикасын көтеруге бар күшін салғаны дұрыс. Экономикамыз көтерілгесін қажылыққа да жағдай туады» деді Қоғамдық іс жөніндегі мұсылман орталығының директоры Дису Камор.

Осылайша президент Мұхаммад Бұхаридің бастамасымен мемлекет бюджетінің 1 млн доллар қаражаты қазынаға қайтарылды.

Нигериялық мұсылман кәсіпкер Саудат Саллях Абдул-Бакы биліктің бұл шешімі дер кезінде шыққан деп есептейді. «Себебі, көптеген тұрғындар мемлекеттен бөлінген қаражатты Меккеге тегін саяхат деген түсініп барады. Рухани маңызы да төмендеп бара жатқан секілді» деді ол. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: