14 мұсылман әйелі парламентке ұсынылды

14 мұсылман әйелі парламентке ұсынылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

БАӘ Федералды ұлттық кеңесіне кандидаттарды тіркеу 20 тамызға дейін жалғасады. Сайлау 3 қазанда өтеді. Үміткерлердің тең жартысы дауыс беру арқылы сайланады. Қалған жартысын 7 әмірліктің басшылары тағайындайды. Алғашқы тәуліктің өзінде 102 үміткер құжат тапсырған.

Ал осы Парламент билігінен үміткерлердің 14-і әйелдер. Тарқатып айтар болсақ, Абу-Дабиден – 2, Дубайдан – 1, Шарджадан – 3 әйел ұсынылған. Абу-Дабиде жалпы алғанда 24 кандидат тіркелді, Шарджада – 22, Дубайда – 15, Рас-эль-Хайм – 14, Аджман – 8, Умм-эль Кувейн мен Фуджейреде – 13.

Биыл әр адам тек бір үміткерге дауыс бере алады. Осыған дейін өзі тұратын әмірлігіне байланысты әрбір сайлаушы 2-4 кандидатты таңдау құқы болған еді. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: