Euromonitor International ұйымы әлемдік киім өндірушілерге мұсылман киімі брендіне ден қоюға кеңес береді. Себебі, жылдан жылға осы нарық сегментінің болашағы бар екені айқын сезіліп келеді дейді мамандар.
Ұйым жүргізген зерттеу мұсылман киіміне кетер шығын барынша төмен болатынын көрсетіп отыр. Ислам ынтымақтастығы ұйымына кіретін 57 елде шығарылатын киім-кешектердің әлемдің үлес салмағы 7%-ды құрайды. Euromonitor International сарапшылары 2018 жылы бұл көрсеткіш 9%-ға жетсе, әлем халқының 30%-ы мұсылман брендін тұтынатынын айтады.
«Ислам сән киіміне деген сұраныстың артуы айрықша байқалады. Қазіргі күннің өзінде, мейлі Түркияда немесе БАӘ болсын, мұсылман қыз-келіншектері киім-кешектері сәнді-әшекейлі болып келеді. Бұл үлгілер АҚШ пен Батыс Еуропа елдері үшін де кең танымалдылыққа ие болуда» дейді сарапшылар.
Сондай-ақ, әлемдік деңгейдегі H&M и Zara бренді мұсылмандарға арналған киім коллекцияларын да шығарады. Дегенмен, аталмыш фирмалар осы киім үлгілерін тіккенде ислам талап еткен үдеден толықтай шыға алмады.