Қазіргі көптеген мешіттер вандализм актілері мен қауіп-қатердің, үрейің астында отырған уақытта Уайэнденч қаласындағы (АҚШ, Нью-Йорк штаты) «Аллаһу әкбар» мешіті қоғаммен, көрші-көлеммен әдемі жарасымдылықтың жарқын үлгісін көрсетіп, Ислам туралы негативті стереотиптердің алдын алып келеді.
«Біз бұл өңірде көптеген көршілерімізден де ұзақ уақыттан бері тұрып келеміз. Біз мешіт маңында тұрамыз. Біз – қоғамның айнасымыз. Біз көршілеріміздің балаларын тамақтандырамыз. Ал олар біздің бейбітшілікті қалайтын, тыныштықты сүйейтін халық екендігімізді біледі. Олар Исламды құрметтейді, сыйлайды» мешіт имамы Аль-Амин Абдул-Латиф OnIslam.net-ке берген сұхбатында.
Имамның айтуынша, Уайэнденч қаласында тұратын авроамерикалық, латынамерикалық және Еуропалықтардың қарасы көп. Бірақ, ұлт алуандылығы ешқандай түсініспеушілікке жол бермейді дейді ол.
Беделді де білімді имамның артына ерген жергілікті мұсылман жұртшылығы тек «Аллаһу әкбар» мешітін тұрғызып қана қоймай, өз діндес бауырларының мешіт маңынан үй алуына қол жеткізу мақсатында ортақ қаражат шығарған. Бұл аталмыш мешіт ауданының мұсылман халқымен тығыз болуы мақсатында іске асырылды.
Ал «Аллаһу әкбар» мешіті көптеген қоғамдық шараларға ұйытқы болуда – балалар лагері, үйсіз-күйсіз жандарға тегін тамақ, дінаралық дөңгелек үстелдер, түрмелердегі кездесу, ғалымдардың қатысуымен салмақты тақырыптарда конференциялар ұдайы ұйымдастырылады. Жазғы маусымда мешіт ата-аналарының ұстанатын дініне қарап еш бөліп-жармастан барлық балаларға тегін таңғы ас мен ланч ұсынылады.