«Исламның негізгі қағидаларының бірі – ол көзді өзгенің әуретіне қараудан тыю (ғаддул басар) болса, бұның екінші мағынасы өзге мұсылманның жеке өміріне араласпауы, оның құпия сырларын жаймау болып табылады» деді Мысырдың экс-мүфтиі Әли Жұмаа.
«Ислам өзгенің құпия сырларын ашуға тыйым салады. Адамдар өздерінің жеке істерімен айналыссын. Бір-бірінің ұялы телефондарын ашып, тексеру қазіргі таңда көптеген проблемаларды тудырады. Сондықтан әр кімнің жеке өміріне құрметпен қарау – сүннет» деді экс-мүфти.
Бүгінде ұялы телефон арқылы тырнақ астынан кір іздеген кейбір ерлі-зайыптылардың өмірі ажырасумен аяқталып жатыр. Осындай мәселелердің алдын алу үшін әркім өз ісімен айналысқан жөн, деп атап кетті экс-мүфти.