Мысырлық мұсылман қызы қарапайым пластик заттары қалдықтарынан отын жасаудың бюджетттік әдісін ойлап тапты. Мамандардың бағамдауынша, білімдар қыздың бұл технологиясы бір жылда ондаған миллион долларды үнемдеуге жол ашады. Бұл жайында Good News Network хабарлады.
Аззы Фаяд есімді мұсылман қызының ғылыми жобасына Египет Мұнай ғылыми-зерттеу институты қызығушылық білдіріп, жас ғалымға осы жобаны іске асыруға бар мүмкіндіктерді қарастырып, лаборотория береді.
Аззы Фаяд арзан әрі кең тараған «алюмосиликат» катализаторы пластик заттарының метан мен пропан секілді газға айналуын төмендетіп, оны биоэалонға айналдыратынын, ал одан биоотын алуға болатынын ғылыми тұрғыда дәлелдеп шықты.
Египетте жыл сайын миллиондаған тонна пластикалық қоқыс шығарылатынын ескерсек, Фаядтың өндірістік пайдасы зор әдісі мемлекетке 78 миллион долларға табыс әкеледі.
Аззы Фаяд өзінің ғылыми жетістігі үшін Жас ғалымдар конкурсының марапатына ие болды. Енді ол бұл технологиясына патент алу жолында еңбектенеді.