Каирде пәтуа шығаруға байланысты халықаралық мүфтилер конференциясы өз жұмысын аяқтады.
Бұл конференцияда Мысыр тарапынан айтылған ресми ұсыныс – Каирде бүкіләлемдік пәтуа шығару басқармасын ашу, болды. Мысыр мүфтиінің кеңесшісі Ибрахим Нажм: «Бұл отырыста біздің тараптан игі бастама ұсынылды. Ол пәтуа шығару басқармасын Каирде ашу. Осылайша барлық мұсылмандар бір мәселе төңірегінде пәтуа шығаратын болса біздегі пәтуа шығару басқармасымен байланысып бір тұжырымға келіп пәтуа шығаруға мүмкіндік алатын болады. Яғни, алдағы уақытта пәтуа шығарудаКаирнегізгі орталыққа айналмақ», деді.
Атап кетсек, өткен аптада Каир қаласында 50 мемлекет мүфтилері мен пәтуа шығарушы ғалымдарының басын қосқан халықаралық конференция болып өтті.