Ресей сыртқы істер министрлігі мен Мәдениет министрлігінің қолдауымен Мәскеу әкімшілігі ағымдағы жылдың 11 қазанында Мәскеуде әлемнің барлық елінен Құран Кәрім білгірлерінің басын қосатын конкурс өткізеді.
Бұл конкурсқа 30-дан аса елдің Құранды жетік білетін азаматтар қатысатын болады. Сонымен қатар, Құран ғылымы туралы білімі терең мамандар да қатыспақ.
Конкурс соңында кіші қажылыққа 3 жолдама ұсынылмақ. Бұдан бөлек конкурста Құранның тарихы мен сырлары туралы естімеген әңгімелер өрбиді деп жоспарланып отыр.