Ұлттық статистика Британ қызметі 2014 жылы Мұхаммед есімі 7240 сәбиге берілгені туралы деректі растады. Пайғамбар есімі ел орталығы Лондон қаласында да ең жиі қойылады екен.
Мамандар осымен екінші жыл қатарынан Мұхаммед есімі елде жиі кездесетінін айтуда.
Мұнан кейінгі тізімде – Оливер және Джек есімдері. Қыз балалары арасында Амелия мен Оливия есімдері кең танымалдылыққа ие.
Ұлыбританияда Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.) есімі 2006, 2010 жылдары бірінші орынға шыққан. Британ корольдігінен кейін бұл көшті Норвегия жалғастырды. Норвег елінде 2013 жылы ең жиі қойылған сүйікті есім Мұхаммед болды.