Италияның солтүстігінде орналасқан Турин елді мекенінде Ислами сәнді киім үлгісіне байланысты халықаралық дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды muslimvillage сайты.
Шараға әлемнің әр жерінен әсем киімдерді тігумен айналысатын ұйымдар қатысты. Дөңгелек үстелде мәлім болғандай, 2013 жылы әлемде ислами киімдерге 266 млрд доллар шамасында сұранысқа ие болған екен. Мамандар бұл көрсеткіш 2019 жылы 488 млрд доллар құрайтынын айтып отыр.
Отырыста ислами киім үлгісін бүкіл әлемдік аренаға шығарып, әр елде осындай киім үлгілерін жергілікті тұрғындардың сұранысына лайықты етіп тігіп, әрі оны қол жетімді ететін бизнестер ашу мәселесі басты талқыға түсті.
Отырысқа қатысқан мамандардың айтуынша, қазіргі таңда Ислам ол тек дін жағынан ғана емес, сонымен қатар әсемдік киім үлгісінде де өзге дін өкілдерін қызықтырып келеді екен.