Электронды темекі – харам

Электронды темекі – харам

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Малайзияда Пәтуа ұлттық кеңесі ел мұсылмандарына электронды шылым тартуға тыйым салатын пәтуа шығарды. Бұл туралы The Malaysian Insider хабарлады.

«Біз темекі мен кальян мәселесін талқылай келе, осы қатарға электронды шылымды да қосуды жөн санадық» деп мәлімдеді Кеңес төрағасы, профессор Абд Шукур Хусин.

«Біріншіден, бұл өте қауіпті, екіншіден, бос ысырап, үшіншіден, денсаулыққа зиянды. Осындай зияндылықтарын есептей келе біз оны харам деп жариялаймыз» деді профессор.

Шейх Хусиннің айтуынша, Пәтуа кеңесі электронды темекіге қатысты Денсаулық сақтау министрлігімен ортақ пікірде.

Ал кальянға қатысты Малайзия мүфтиі 2013 жылдың 17 шілдесінде арнайы тыйым ретінде пәтуа шығарған. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: