Emirates әуе компаниясы алдағы жылы әлемдегі ең ұзақ рейсті іске қоспақ. 2016 жылдың 1 ақпаны күні компания ұшақтары Дубайдан Панамаға тікелей рейс жасайды. Жалпы ұшу ұзақтығы 17 сағат 35 минутты құрайды деп жоспарланған. Бұл бағытты Boeing 777-200 LR әуе кемелері бағындырмақ ниетте.
Панама елі Орталық Америка елдері ішінде Emirates компаниясының алғашқы бағыт алған нысаны болып отыр. Аталмыш рейсте жолаушылар Дубайдан Орталық Америка құрлығына дейін, оңтсүтік Американың солтүстік бөлігі мен Кариб теңіздері арқылы жоғары класты сапар жасайтын болады.
Өткен жылы Emirates әуе компаниясы әлем бойынша ең үлкен бортты ұшақтармен жабдықталды. Компания флоты 27 Boeing және Airbus ұшақтарымен толықты. Жыл аяғына дейін Emirates өз транспорттық желісіне 4 бағытты – Орландо (АҚШ), Мешхед (Иран), Болонью (Италия) және Бамако (Мали) елдеріне қоспақ ниетте.