Сириядағы ахуал екінші дүниежүзілік соғысқа теңестірілді

Сириядағы ахуал екінші дүниежүзілік соғысқа теңестірілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сириядағы бүгінгі ахуал – Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі адамзат тарихындағы ең үлкен қасірет, деп мәлімдеді Сирия Ұлттық үйлестіру комитетінің экс-координаторы Хайсам Манаа.

«Болашағы бұлыңғыр болса да, бұл дағдарыстан шығудың кез келген жолдарын қарастыру керек. Сириядағы жағдай өте күрделі және қасіретті. Бұл Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кез келген мемлекеттер шеккен қасіреттердің ішіндегі ең ауыры» деді Хайсам Манаа Ресей Федерациясы ІІМ С.Лавровпен кездесу барысында. Х.Манаа Ресей министрімен Мәскеу орталығында Сирия мәселесін қарусыз шеші мәселелерін талқылады.

Саясаткер осы орайда Мәскеу билігінің Сириядағы шиеленісті шешудегі саяси диалогын оң бағалап, бұл бағыттағы әріптестік жұмыстарына алғысын білдірді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: