Сауд Арабиясының ханшайымы король әулетіндегі әйелдердің ішінен алғаш болып БҰҰ елшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Saudi Gazette хабарлады.
Рим бинт Мансур ас-Сауд ханшайым әлеуметтану магистрі, шығыстану ғылымының кандидаты, Оксфорд университетінде білім алған. Қазіргі уақытта Гарвард университетінің Джон Кеннеди атындағы басқармасында докторлық диссертация бойынша жұмыстар жүргізуде.
Осы лауазымға ресми тағайындау рәсімі кезінде Рим ханшайым әрқашан саудиялық әйелдердің ислам әлеміндегі орны туралы ойланып келгенін жеткізді. БҰҰ-ындағы жаңа қызметі оған әлеуметтік және гуманитарлық мәселелерді шешуге зор мүмкіндік береді деп есептеймін дейді ол.
Рим бинт Мансур ас-Сауд ханшайым елдегі әйел қауымына қатысты түйткілді мәселелерді оңтайлы шешіп отырған ел патшасы Салманға өз алғысын білдірді.