АҚШ дизайнері мұсылман әйелдеріне кеңес берді

АҚШ дизайнері мұсылман әйелдеріне кеңес берді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әйел затына тән киім түрлері Таяу Шығыс пен Оңтүстік Шығыс елдерінде кеңірек дамуда. Ал АҚШ-та Ислам дінін ұстанушы қыз-келіншектеріне арналған киім-кешектер жалпы қоғамдық дүкендерде әзірше кең сатылымға түсе алмай келеді.

Америкадағы сәнді әрі қарапайым киім киім-кешектің қат болуы ендігі өткен күннің еншісінде қалмақ. Verona Collection жаңа бренді мұсылман әйелдеріне арналған киімдер коллекциясын алдағы жылдан бастап ұсынатын болды. Verona Collection негізін қалаушы Лиза Вогл бұл киімдер тек қана діни ұстанымға ғана байланысты емес, барлық қыз-келіншектеріне лайықты болатынына сенімді.

Оның айтуынша, ашық-шашық, қысқа киімдерге қарағанда етек-жеңі ұзын киімдер модельердің ой-қиялы мен шеберлігіне көп үлес қосады екен.

«Ислам қалыптастырған етек-жеңі бүтін киімді киюден қорықпаңыз. Маған жараспайды деген ойды да бастан шығарып тастаңыз. Керісінше өзіңізді қорғап, тәніңізді, сұлулығыңызды қорғап тұрған киімің сізге қуаныш әкелсін» дейді Лиза Вогл. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: