БАӘ Йемендегі жағдайға байланысты мұсылмандарға гуманитарлық көмек ретінде 82 млн доллар шамасында қайырымдылық қаражатын бөлді, деп хабарлайды елдің ресми ақпарат көздері.
Бұл ел Президенті Халифа ибн Зайда ан-Нахианның игі бастамасы болып отыр. Бөлінген қаржы өз кезегінде елдің қайта даму процесі мен жапа шеккен қарапайым халықтың игілігіне жаратылатын болады.
Бұдан бөлек Йемен халқына көмек ретінде 7 мың тонна көлемінде азық-түлік пен дәрі-дәрмектер тиелген 5 кеме жөнелтілген болатын.


06 Қараша 2025
15 Джумада-авваль 1447

