Нигерия халқы ел президенті Мұхаммед Бұхаридің мемлекеттік білім беру мекемелеріне ислам пәндерін енгізу туралы бастамасына қолдау білдірді.
Кано штатында өткен шара барысында президент М.Бұхари барлық мемлекеттік мектептің оқу жүйесіне ислам діні туралы пәндер енгізу жөнінде мәлімдеме жасаған еді.
Бұхаридің айтуынша, бүгінгі рухани-моральдық құндылықтар құлдыраған уақытта ислам әдебиетін оқыту ең маңызды міндеттер қатарына кіреді.
Нигерия президентінің мәлімдемесінен кейін Мұсылман мұғалімдер ассоциациясы да өз пікірлерін білдіріп, барлық мектеп бағдарламаларына таяуда дүние салған ғалым Башир Самбо жазған оқулықты енгізуге шақырды.
Нигерия қоғамдық істер жөніндегі мұсылман орталығының төрағасы Дису Камор білім бағдарламасына дін дәрісін енгізу дұрыс жолға бағыт алғанды көрсетеді деп атап өтті.
«Жастар арасында моральдық, рухани құндылықтардың төмендеп кетуі бүгінгі қоғамды алаңдатады. Бұл орайда білім саласына рухани тәрбиелік пән енгізу дұрыс шешім болып табылады» дейді Камор.