Әлемдегі Құранның ең ежелгі нұсқасы Үндістанның Карнатака штатынан табылды. Құқыққорғау органы өкілдерінің арнайы операциясы барысында табылған Құран кітабы осыдан 400 жылдай бұрын өмір сүрген монғолдың ұлы басшысы Акбар дәуіріне тиесілі деген болжам айтылуда.
«Нақты мәліметтер жоқтың қасы. Бірақ, бұл кітап моңғол патшасы заманына тән деп айта аламыз. Мен Құранның көне нұсқаларының көптеген түрін көрдім. Бірақ, дәл осындай ежелгі дәуір құранын кездестірмедім» дейді профессор шейх Әли.
410 жылдық тарихы бар көне Құран Үндістан тарихындағы ең ежелгі жәдігер көзіне жатады. Қылмыскер топты құрықтау кезінде полиция қызметкерлері тәркілеген Құран кітабы астыртын түрде Хайдарабадеде 777 000 АҚШ долларына сатылмақ болған екен.
Полиция сатып алу операциясын ұйымдастырып, нәтижесінде қылмыскерлер қолға түсіп, қолжазба тәркіленді. Тарихшы ғалымдар 604 беттік Құранды «тарихи өнер туындысы» деп бағалады.