Қос киенің сақшысы Салман бен Абдел Әзиз әл-Сауд палестиналық мың азаматты қажылыққа шақырды. Сауд патшасы қажылардың келіп-кету, ас-суына кетер шығындарды түгелдей Сауд Арабиясы қазынасынан төленетінін мәлім етті.
Мекке үкіметі палестиналықтарды қажылыққа қабылдауға дайын екендіктері туралы арнайы құжат та жіберген. Қажылар екі аймақтан: 500 қажы Газа секторынан, енді бір бөлігі қажы Батыс жағалауынан қабылданады.
Ал қажылық күнін Сауд Арабиясы үкіметі әзірше анықтау үстінде. Айта кету керек, палестиналықтар қажылық кезінде ел билігінің толықтай қамқорлығына алынады.
ummet.kz-ақпарат