Малайзияда мүгедек баласына қамқор болған қажырлы ана 101 жасқа келіп дүниеден озды.
Мелия Мұхамед Дия атты ана өмірінде көптеген қиыншылықтарды басынан өткізгеніне қарамастан, еш қамықпай өзінің Абду Рахман есімді 60-тан асқан мүгедек ұлына өмірден өткенше қарасып келген.
Мелия Мұхамед Дияның екі баласы жастайынан қайтыс болып кеткен, ал, тағы бір баласы 23 жасында өмірден озған.
Қажырлы ана көзі тірісінде: «Менің балам тауық етімен жасалған күрішті жақсы көреді. Бұл өмірде екеумізден басқа ешкім қалмады. Мен жалғыз баламнан бұрын өмірден өтпейтін шығармын деп үміттенемін. Себебі, мен өлсем, балам қараусыз қала ма деп қорқамын. Абду Рахманға қарау мен үшін ешқашан қиын болған емес. Өйткені, өз құрсағымнан шыққанан бері мен оны жуып-шайып бағып келемін», деген екен.
Ал Малайзия үкіметі 2015 жылы аталмыш ананы өзінің осындай қажыр-қайраты мен өнегелі өміріне бас иіп, аналық қызметін адал атқарғаны үшін арнайы орденмен марапаттаған.