Үндістанның беделді мұсылман ғалымы қасиетті Құран кәрімнің әртүрлі тілдегі аудармасымен мобильді нұсқасын автокөлік арқылы республика көлемінде сапарға жөнелтті.
«Әр мұсылман өз отанының азаматтарына Алла тағаланың сөзін жеткізуге міндетті. Себебі, бұл Алланың сөзі тек мұсылмандарға емес, барша адамзат баласына арналған» деді Сартадж Ахмад GreaterKashmir басылымына берген сұхбатында.
«Құран көлігі» мұсылман ғалымы мен Бүкілүнділік мұсылман құқығы кеңесінің бас хатшысы Маулана Халид Сайфулла Рахманидің бастамасымен бүкіл Үндістан штаттарын аралайды.
Соңғы технологиялық жетістіктермен жабдықталған көліктегі мобильді Құран нұсқасын кез келген адам өзіне қажетті тілде жүктеп алуына болады. Айтулы шараның салтанатты рәсімі Шехр-и-Хасе қаласында өткен Сирадж-уль-Улюм ислам семинарында бастау алды.
Шараға үнділік белгілі ислам ғалымдары мен мүфтилері, атап айтқанда, Саид Биляль Хассан Надви, мүфтилер Абдур-Рашид, Саид Аршид Хуссейн Надви, Маулана Санауллах, Сирадж-уль-Улюм мүфтиі Сұлтан, шейх Сартадж Ахмад пен Шахид Шамим және ислам оқу орындарының студенттері қатысты.