Белгілі британ басылымы әлемнің әсем мешіттерін жариялады

Белгілі британ басылымы әлемнің әсем мешіттерін жариялады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Басылым жариялаған әсем мешіттер тізімін Исфахандағы Шейх Лотфоллы мешіті өзінің ерекше архитектуралық-көркемдік құрылысымен бастап отыр.

XVII ғасыр көзіне айналған бұл мешіт Аббас шахтың әмірімен тұрғызылған. Бұл мешіт батыс елінен шалғайда Иран өлкесінде орналасқандықтан еуропалық туристердің зерттеу нысанасына көп айнала қойған жоқ.

Екінші орын да Иранның Шираз аймағында орналасқан Насир аль-Мульк мешітіне бұйырып тұр. Аталмыш ғибадатхана ислам архитектурасынан ұқсамайтын стилімен ерекшеленіп отыр.

Британдық басылым  тізбегіндегі «Үштікті» толықтырушы  Түркияның «Көк мешіті»: Мешіт – тағажайып, ерекше, қайталанбас архитектурасымен назарға ілінген. Оның әсем алты мұнарасы шаһардың келбетіне көркемдік қосып, XVII-ғасырдан бері ел игілігіне қызмет етіп келеді.

Түркияның мың жарым жылдық тарихы бар Айя София мешіті де тізімнің төртінші биігінде. Бұл мешіт те Стамбулдың ғажап құрылыс нысанына жатады. Мешіт XX ғасырдан бері мұражай есебінде тұр. Константинополь алынғанға дейін (1453 ж.) христиандық шіркеу қызметін атқарған.

Бесінші орын Каир мешітіне бұйырды: : Әмір Аксункур мен Ибн Тулум мешіті – 13 жылғы қайта қалпына келтіру жұмыстарынан кейін қайта ашылып, османдық стильде бой көтерген ғибадатхана.

Газет рейтінгісі бойынша 7-ші және 25-ші орын мароккалық Хассана II және Кутубия мешіттеріне тиесілі. Хассана II мешіті әлем бойынша ең биік мұнаралы мешіт саналады. Мұнараның биіктігі – 210 метр. 

Ондыққа әл-Ақсадағы Құдыс мешіті, Меккедегі әл-Харам және Мәдина қаласындағы Пайғамбар (с.а.с.) мешіті кірді. Сондай-ақ, тізімге Малайзияның екі мешіті: Убудия және  Салахуддин Абдулазиз мешіті енді.

Рейтинг жобасының авторлары Үндістандағы Тадж-уль-Масджад және Джама Масджид, Пәкістанның Фейсал, Вазир Хан және Бадшахи мешіттерін,  БАӘ-дегі шейх Зайд мешітін, Омандағы Султан Кабус мешітін, Саммардағы (Ирак)үлкен мешіт, Солтүстік Кипрдағы Лалы Мустафа мешітін, Сириядағы Омаядтар мешітін, «Ауғанстан жүрегі» мешітін және Мескит мешіттерін де назардан тыс қалдырмады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: