Ердоған ауылындағы мешіт қайта тұрғызылды

Ердоған ауылындағы мешіт қайта тұрғызылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Түркияның Ризе қаласы Гюнейсу ауданындағы ел президенті Реджеп Ердоғанның ауылының ескі мешіті қайта жаңартылып, тұрғызылды. Кыбле Дагы мешіті жер бетінен 1 300 метр биіктікте көпшіліктік назарын алыстан тартатын Гюнейсудің әсем бір жерінде орын тепкен.

Мешіттің атауы ол орналасқан төбенің бағыты қасиетті Меккеге қарай бағытталып тұруына байланысты қойылған. Ал оның басты ерекшелігі – мешіт осы өңірдің қай бұрышынан қарасаңыз да көзге көрінеді. Айта кетейік, мешіттің қайта өңдеу жұмыстарына 1,5 жыл уақыт кеткен.

Гюнейсу әкімдігінің басшысы Ихсан Селим Байдаш журналистерге берген сұхбатында мешіт іргетасы 1800 жылдары Мошул Мехмет Эфенди және Куша Ахмед Эфенди атты ел тарихында ізі қалған қайраткерлерінің қолымен қаланған.

1960 жылы мешітте өрт шығып, құлшылық үйі айтарлықтай зардап шегеді. Юсуф Йылмаз Годжаэфенди 190 жылы мешітті қайта тұрғызып, қабырғасын тастан қалаған. Ғасырлық тарихы бар ғибадатхана тағы та жаңартылып, халыққа қалтқысыз қызмет қылуда. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: