Америка құрама штатының мұсылман ұйымдары мен заңгерлері Ақ үй басшысының терроризмге қатысты барлық әрекеттерінде әділ болуын талап етуде.
«Биліктің қаншама рет құқыққорғау мәселесіндегі шынайылығы туралы мәлімдемелерін естегінімзбен, нақты сауалдарымызға әлі күнге жауап алмай келеміз» дейді Америка-ислам қатынасы кеңесінің Лос-Анджелестегі бөлім үйлестірушісі Харун Манджилай.
«Олар керісінше соғысқұмар содырларға қарсы бағдарламаға ден қойғанымен, онысынан еш нәтиже шықпай отырғанына куә болып жүрміз. Үкімет қоғамның, біздің осы мәселеге қатысты пікір-ұсыныстарымыз бен құқықтарымызды елегісі келмейді».
Х.Манджилай Лос-Анджелес пен Бостонда өткен пресс-конференция барысында осындай мәлімдеме жасады.
Баспасөз конференциясында мұсылман ұйымдары АҚШ үкіметінің терроризмге қатысты бағдарламасының шикілігіне алаңдап, биліктің дұрыс ден қойып жұмыс істеуін талап етті.