Шіркеу өкілі ғажайып түс көріп, Исламды қабыл алды

Шіркеу өкілі ғажайып түс көріп, Исламды қабыл алды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Нигериялық пастор, белгілі шіркеу қызметкері кәлима шахадатын айтып, мұсылманшылықты қабылдады. Сондай-ақ өзі басқаратын шіркеу енді мұсылман жамағатына мешіт ретінде есігін айқара ашатын болды.

«Бір жылдан бері Ислам діні туралы түс көріп келдім. Ақырында, мұсылманшылықты қабылдауды жөн санадым. Алғашқы түстерімде менің шіркеуіме келушілердің үстелде емес, жерде отырғаны және бастарында киімдері бар екені көрінді. Және олардың шіркеуіме кірмес бұрын, дәл Ислам шарттарына сай аяқ-қолдарын жуып жатқанын байқадым» дейді бұрынғы шіркеу өкілі Адекунле Афолаби.

Бүгінде 45 жасқа толған нигериялық А. Афолаби 25 жыл өмірін христиан дініне арнап келген, 5 жыл бұрын өз бастамасымен Экити штатында шіркеу тұрғызған. Міне, осы шіркеу оның таңғажайып түстерінен соң, өзінің ислам дінін қабылдауымен бірге енді мешітке айналып отыр.

Өзіне Әбубәкір есімін алған ол түсіне енген адам оның бұрынғы сенім жолында сәйкессіздіктер мен бұрмалаушылықтар бар екенін айтқан. Осыдан соң шіркеу өкілі ойлана келе, Ислам дініне ден қоя бастайды.

Ал, Әбубәкір Афолабидің бұл шешіміне христиан-жұбайы бастапқыда қарсылық танытқанымен, кейіннен қолдау білдіреді. Балалары болса әкесіне демеу болып, пікірін қостаған. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: