Елде бойдақ жігіттер мен тұрмыс құрмаған қыздардың көбеюіне байланысты Малайзия шариғат жолымен танысу қызметін жандандыруда.
«Бұл бастаманы ислам банкингі секілді тек мұсылмандарға ғана емес, барша азаматтарға пайдалы екенін айтқымыз келеді. Мұнда тек шариғат талаптарына сәйкес қызмет жүргізіледі» дейді HalalSpeedDating қызметін үйлестіруші Зухри Юхьи.
«Ислам қағидаларына сәйкес, әйел адам ер азаматпен танысу мақсатында кездесер кезде қыздың қасында туысы, не отбасының бір мүшесі болуы керек» дейді З.Юхьи. Оның айтуынша, осы қызмет мұсылман қыз-жігіттерінің тезірек танысып, тіл табысып, шаңырақ көтеруіне үлкен септігін тигізеді.
Айта кету керек, HalalSpeedDating.com порталы Зухри Юхьи мен оның достарының бірлесуі арқылы іске қосылып отыр. Жоба қызметі қосылған сәттен бастап, қоғам тарапынан үлкен қолдауға ие болды. Қазірдің өзінде онда 1200 адам өтініш беріп, үйленуге ниетті екендіктерін білдірген.