Әйелдерге арналған алғашқы ислам банкингі құрылды

Әйелдерге арналған алғашқы ислам банкингі құрылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Самина Акрам осыдан 8 жыл бұрын Merrill Lynch International Bank мекемесіндегі жұмысын тастап, ислам қаржы жүйесіне негізделген өзінің консалтингтік фирмасын ашады. Бүгінде осы игі ісінің нәтижесін көріп, мұсылман қыз-келіншектеріне шариғат шартына сай қаржылық қызметін көрсетіп отыр.

Бұл бастама алғашында С.Акрманың мұсылман әйелдерімен бейресми отырыстағы ортақ әңгімесінен туындаған. Ал бүгінде оның бизнестегі кәсібі ғаламдық сипат алып, Тұманды Альбиондағы беделді банк қызметі қатарын толықтырды. Осыған орай таяуда Лондонда тұңғыш Ислам қаржы жүйесіндегі әйелдер форумы өткізілмекші.

200-ден аса сарапшылар қатысатын аталмыш шара Ұлыбритания астанасында KPMG штаб-пәтерінде ұйымдастырылады. Осы форумда Samak Consultants фирмасына жетекшілік ететін Самина Акрам ислам банкингіне қызығушылық білдірген әйелдерге қолдау білдіріп, демеушілік жасамақ ниетте.

С.Акрам ислам дініндегі әйелдердің нәзік жаратылысы кейбір кедергілерге тап болатындықтан, оларға дұрыс жолын көрсетіп, қолдау білдіретін күш керек деп санайды. «Әсіресе, өзі қызыққан қызметті, кәсіпті немесе мамандықты игеруде оған шариғат талабына сай қаржылай көмек көрсету үшін ислам банкингінің атқарар рөлі үлкен» дейді ол. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: