Жапония қалаларында 5 уақыт намаз кезінде бір топ мұсылмандар арнайы шатыр астында жиналып, жергілікті халықты ислам дінімен жақынырақ таныстыруда.
Мұсылмандар тобының жетекшісі Захир Ғаним: «Бес уақыт намаздан соң жергілікті өзге дін өкілдерін шақырып, ислам діні туралы шынайы ақпараттармен, дұрыс қағидаларымен таныстырамыз. Сонымен қатар, ислам жайлы кітапшалар мен арабша жазбаларды тегін таратамыз» деп атап кетті.
Бұған қоса белсенді мұсылмандар жергілікті халыққа ислам насихатынан бөлек араб тілі курсын да қосып үйрету қолға алынып отыр.


01 Сәуір 2026
13 Шавваль 1447

