Түркия республикасының Fusion Tour туристік компаниясы Эгей теңізінде алғашқы халал-круизді іске қосты.
Лайнер 27 қыркүйек күні Измирден жүзіп шығады деп жоспарланған. 6 күндік теңіз сапарында кеме гректердің Пирей қаласына қарасты Крит және Родос аралдарына тоқтайды. Сапар 2 қазанда аятқалады.
Ал лайнерде алкогольді ішімдіктер мен доңыз еті тағамдары мүлде болмайды. Бұған қоса, ер және әйелдерге арналған арнайы спорт залдары, құлшылық бөлмелері, спа-орталықтары, тіптен түрік ұлттық моншасы да бар.
Жақын уақытта халал-круиз ұйымдастырушылары бұл сапардың шекарасын кеңейтпек ниетте. Fusion Tour компаниясы негізінен Белград, Будапешт, Вена және т.б. италияндық қалаларға дейін теңіз сапарын жасауды көздеуде.