Ресейде дін ұстанушылар саны екі есеге артты

Ресейде дін ұстанушылар саны екі есеге артты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

E-ISLAM – Ресейліктердің арасында дін адам өмірінде үлкен маңызға ие деп санайтын жандар қатары соңғы жиырма бес жыл ішінде 2 есеге, яғни 23-тен 55 %-ға артқан.

Осындай мәліметті соңғы әлеуметтік сауалнама қорытындыларына сүйене отырып Жалпыресейлік қоғамдық пікірді зерттеу орталығы хабарлап отыр. Сауалнамада көрсетілгендей, өмірінде діннің көмегі болды деп ойламайтын адамдар көрсеткіші айтарлықтай,  55-ден 39 %-ға азайған.

Сондай-ақ сауалнама қатысушылары 1990 жылдармен салыстыра қарағанда діни сенімнің таралуына, насихатталуына аса сақтықпен қарайтындықтары да белгілі болды. Өз үйлерінің маңынан діни құлшылық ғимараттарының салынуын көпшілік дұрыс қабылдайтындығын жеткізді. Дегенмен бұл ғибадатханалар өз діндеріне қатысты болса ғана деген шарттары да болды (48%).  Ал құлшылық үйлері өзге дінге тиесілі болса қолдаушылар көрсеткіші екі есеге азайып отыр, (20%).

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: