Daily Mail британ басылымы оқырмандар тарапынан наразылық тудырған жарияланымдары үшін мұсылман қауымынан кешірім сұрады, деп хабарлайды Islamnews ақпараттық агенттігі.
Көпшіліктің сұранысына ие ағылшын газеті өткен аптада «Шығыс Лондонға қош келдіңіз: мұсылман бандасы көші-қон қызметі көлігінің дөңгелегін жарып, офицерлерге жұмыртқа лақтырды» деген тақырыппен мақала жариялаған.
Осы мақаланы оқыған мұсылман дін қызметкері Микдад Верси редакцияға арнайы хат жолдайды. Микдадтың хатынан кейін The Daily Mail басылым басшылығы кешірім сұрап, жауап хатын жіберді.
Редакция бұзақылардың мұсылмандықты ұстанатыны туралы дәлелдері жоқ екенін мойындаған әрі «ислам дініне құрметсіздік көрсетуді ойламаған» көрінеді.
«Біз барлық қателіктеріміз үшін кешірім сұраймыз» деп жазады The Daily Mail газетінің бас редакторы ДЖон Веллингтон.