Түркия президенті ұйғырларға араша түсуде

Түркия президенті ұйғырларға араша түсуде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған Қытай еліне ресми іссапармен келіп, онда ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті.

Кездесудегі басты мақсат Синьцзян-Ұйғыр автомониясындағы ұйғыр халқының мәселесін шешу болды. Естеріңізге сала кетсек, аталмыш ауданның тұрғындары жергілікті билік тарапынан жиі қысымшылыққа ұшырап келеді. Мәселен, қасиетті Рамазан айында халықтың ораза ұстауына жергілікті басшылық тарапынан тыйым салынған болатын.

Ал кеше Р.Ердоған Ұйғыр мен Хуэй қауымы өкілдерімен кездесті.

Соңғы бірнеше айдың ішінде Түркия 1 000-нан аса ұйғыр босқындарын қабыл алды. Таяуда  Реджеп Ердоған: «Түркия әлемдегі жапа шеккен, шеттетілген барлық жанға демеу болып, қызмет етеді» деп мәлімдеген еді.

Айта кету керек, 2009 жылы Синьцзянда жаппай тәртіпсіздік орын алып, Түркия пен Қытай елінің қарым-қатынасына сызат түсті. Онда жүздеген адам қаза тауып, 1,5 мыңнан аса адам жарақаттанды. Бұл уақиғаны Түркия тарапы «Ұйғыр халқына жасалған геноцид» деп есептейтіндігін жариялады.

Реджеп Ердоғанның ҚХР-дағы сапары Индонезия еліне жалғасын таппақ. Онда Р.Ердоған Индонезия президенті Йоко Видидомен кездесіп, екі жақты халықаралық келісімдер жасалады деп күтілуде. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: